Суббота, 8.05.2021

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Шахтер» мен «Қайсар» тең түсті

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің тоғызыншы туры өз мәресіне жетті.

Бұл турдағы соңғы ойында Қарағандының «Шахтер» және Қызылорданың «Қайсар» командалары шеберлік байқасты. Кездесу елордада төріндегі «Астана-Арена» стадионында болды. Себебі, кеншілер қаласындағы стадион әзірге ойынды қабылдауға дайын емес екен.

Кездесу барысында қарағандылық ұжым сауатты қимыл көрсетуге тырысты. Екі команда бір-біріне көбірек шабуыл жасауға көңіл бөлді.

Нәтижесінде «Шахтер» футболшысы Виталий Балашов 7-минутта мергендігімен көзге түсті. Бұдан кейін қос команда тарапынан есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндік болған еді.

Екінші кезеңнің 81-минутында Евгений Павлов өзінің қақпасына гол соғып алды. Осылайша таразы басы теңесті. Аталған кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Тоғызыншы турдағы өзге ойындарда «Астана» сырт алаңда «Ақтөбені» 2:0, «Атырау» өз алаңында Ақтаудың «Каспийін» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ал «Тобыл» Қостанайда «Таразды» 3:0 есебімен жеңсе, «Қайрат» Петропавлда «Қызылжармен» 1:1 есебімен тең түсті.

Алдағы тур ойындары 8 және 9 мамыр күндеріне белгіленген. Алдымен 8 мамырда «Қайрат» пен «Шахтер», «Каспий» мен «Ордабасы», «Қайсар» мен «Ақжайық», «Тараз» бен «Астана» командалары кездеседі. Ал 9 мамырда «Жетісу» мен «Ақтөбе», «Тобыл» мен «Атырау», «Тұран» мен «Қызылжар» жасыл алаңға шығады.

Автор: Корреспондент

Аватар

Читайте также

Мұнай әлемнің алға жылжуына қалай ықпал ететінін білесіз бе?

Informburo.kz «Шеврон» энергетикалық корпорациясымен бірге мұнайдың артықшылығы және оның қоғамның өркендеуіне қосқан үлесі туралы баяндайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *