Хабар

Енді қазақстандықтар құжатының мерзімі аяқталғаны туралы SMS-хабарлама алады

Құжатының қолданылу мерзімінің аяқталғанына 1 айдан асқан азаматтар 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл төлейді.

1 сәуірден бастап жеке куәліктің немесе жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы азаматтарды ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы алдын ала хабардар ету тетігі іске қосылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні жарамсыз жеке куәлік бойынша 10 күннен 1 айға дейін тұрғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік, 1 айдан астам уақытқа 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

“Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты ай сайын жеке куәліктерді ауыстыру үшін 77 мыңға дейін азамат, осы себеппен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін 35 мыңға жуық азамат жүгінеді. Өткен жылдың өзінде жүргізуші куәліктерінің мерзімі аяқталғанына байланысты куәліктерді ауыстыру үшін 915 мың адам және 400 мыңнан астам азамат жүгінген. Енді мобильдік азаматтар базасында тіркелген қазақстандықтар құжаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын өздерінің ұялы телефонына мынадай мазмұндағы SMS-хабарлама алатын болады: “Sizdin jeke kualiginizdin jaramdylyq merzimi 30 kunnen keıin aıaqtalady, HQKO-ga habarlasynyz/Srok Vashego udostovereniya istekaet cherez 30 dnei,obratites v CON”, – делінген хабарламада.

Сондықтан мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қандай да бір SMS-хабарламаларды алу үшін азамат “электрондық үкімет” порталындағы “жеке кабинетінде” ұялы телефон нөмірін міндетті түрде көрсетуі керек.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button