Елімізде қанша шипажай бар
Жаз айларының басталуына бірнеше күн қалды. Ұлттық статистика бюросы демалыс маусымы қарсаңында Қазақстан шипажайлары туралы мәлімет ұсынды.
2022 жылдың соңында ел аумағында 172 санаторлы-курорттық мекеме болды, оның ішінде 109 –санаторий, 27 – оңалту орталығы, 9 –профилакторий, 7 – мамандандырылған және басқа да санаторийлер.
Сауықтыру нысандарының басым бөлігі жеке бизнеске тиесілі – 127, мемлекетке – 42, шетелдік меншікте – 3.
Шипажайлардың 66-сы қала аумағында болса, 106-сы ауылды жерде орналасқан.
Курортты ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 72 мекеме жұмыс істеп тұр. Одан әрі Ақмола облысы – 13, Алматы қаласы мен Қызылорда облысында – әрқайсында 11 демалыс орнынан бар.
Өткен жылы шипажайларда 380 мың адам сауықса, оның 60% әйелдер құрады.