Елімізде жыл құсы таңдалды
Қазақстан биоалуантүрлілік қауымдастығы көкқұсты «Жыл құсы» деп таныды. Онлайн сауалнамаға қатысқандардың 64 пайызы көкқұсты жыл құсына лайықты деп тапқан.
Көкқұс ҚР Қызыл кітабына енгізілген. Оның таулы өзендердің арқыраған дыбысын басатын өзіне тән сыбызғы ысқырық үнін шатастыру мүмкін емес.
Көкқұс (Myophonus caeruleus) — Қазақстанның оңтүстік өңірі таулы өзен бойларын мекен ететін түр. Қыста оңтүстікке қарай беттейді, алайда біршама бөлігі төмен таулы белдеулерде қыстайды. Соңғы жылдары бёрдвочерлер (құстарды бақылаушылар) бірлі-жарымы Алматыда қыстайтынын байқаған. Су үстіндегі құздың кертеш жерлерінде, көпірдің тіректерінде және т.б. ұялайды, 4-6 жұмыртқадан салады. Су және жерүсті омыртқасыздармен, кесіртке, кеміргіштер, кейде ұсақ құс және балықтармен қоректенеді, күзде және қыста жидектерді азық етеді.
Түрге қауіп – сауда мақсатымен заңсыз аулау, соңғы уақытта – таулардағы жаппай демалуға қатысты дамылсыздық көрініс алады. Орнитологтар саяхатшыларға тау бөктері жолынан мүмкіндігінше ауытқымауына кеңес береді, әсіресе, көптеген құстардың ұя салу мерзімі – көктемде және жаздың басында.
Жыл құсын Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы мүшелері онлайн дауыс беру арқылы таңдап алды. Құстардың екі түрі — жорғаторғай және көкқұстан дауыс берушілердің 64%-ы көкқұсты таңдады.
Құс түрін Қазақстанның құстарды қорғау одағы және Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы орнитологтары ұсынды.
Дауыс беру алты күнге созылып, 15 қаңтар күні аяқталды.
2022 жылы жыл құсы бұлбұл болған еді.