Хабар

Елімізде туберкулезге қарсы айлығы өтеді

Елімізде 24 ақпаннан 24 наурызға дейін Дүниежүзілік туберкулезбен күрес айлығы өтеді. Аталған айлық аясында фтизиатр, фтизиопедиатрлардың консультациялары, ел халқын флюорографиялық тексерулер, кең ауқымды акциялар жоспарланған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының» директоры Мәлік Әденов «Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, пандемия кезінде туберкулезбен ауыратындарды дер кезінде анықтауға және оларға емдеу жұмыстарына қиындықтар келтірген. Бұл әсіресе халықтың осал топтарына қатысты болған.

Пациенттердің емделуге бейімділігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен емделушілердің амбулаториялық сатысындағыларға психо-әлеуметтік қолдау көрсетілді. Оған қоса 2021 жылы науқастардың 92,0%-на әлеуметтік көмек көрсетілді,-деді Мәлік Әденов.

Сонымен қатар ол Қазақстанда туберкулез ауыртпалығы жоғары екенін және оған қарсы тиімдің дәрілер бойынша тұрақты ел болып қала беретінін жеткізді.

Түрлі органдар арасында ақпараттық-насихаттау, коммуникация және әлеуметтік жұмылдыру жеткілікті деңгейде атқарылмай жатыр. Осы мақсатта Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламада туберкулезбен ауыратын адамдарды стигматизациялау және әлеуметтік шеттетумен күресу бойынша күш-жігерді біріктіруге ерекше көңіл бөлінген. Алда өтетін Туберкулезбен күрес айлығында фтизиатр, фтизиопедиатрлар кеңес бередеді, оған қоса елдегі жұртшылықты флюорографиялық тексерістен өткізу сияқты ауқымды акция ұйымдастырылады,-деді ол.

Айта кетсек, Туберкулезге қарсы ұлттық бағдарлама барша қазақстандықтарды туберкулез сырқатын төмендетуге үлес қосуға шақырады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button