Хабар

Елімізде аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналар шығаратын зауыт пайдалануға берілді

Бұл туралы Үкімет отырысында Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья мәлімдеді.

Ол Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының негізгі дамуы кейінгі жылдары пандемиямен күресуге бағытталғанын айтты.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша институт ғалымдары қысқа уақыт ішінде QazVac вакцинасын жасап, 3 244 еріктіде клиникалық зерттеулер жүргізе алды. Клиникалық зерттеулердің оң нәтижелері бойынша вакцина өндірісіне мақұлдау алынды”, – деп айтты Күнсұлу Закарья.

Оның мәліметінше, QazVac вакцинасын дайындау технологиясы Қазақстан Республикасының патенттерімен қорғалған. Сондай-ақ Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымына халықаралық өтінім берілді.

“QazVac вакцинасы Қазақстанда және Қырғыз Республикасында тіркелген. QazVac вакцинасын басқа елдерге енгізу-ілгерілету және тіркеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр”, – дейді профессор.

Институт директорының атағандай, QazVac вакцинасының клиникаға дейінгі сынақтарының, клиникалық зерттеулерінің I және II фазаларының нәтижелері Lancet тобына кіретін «Микробиология шекаралары» (Frontiers in Microbiology) және EClinicalMedicine рейтингілік шетелдік журналдарында жарияланды.

“Ел Президентінің қолдауымен институтта GMP стандарты бойынша аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналар шығаратын Қазақстан Республикасындағы толық циклді алғашқы «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауытының 1-кезегі салынды және пайдалануға берілді, оның жылдық өндірістік қуаты 60 млн дозаны құрайды”, – деп атап өтті Закарья Үкіметте.

baq.kz 

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button