Хабар

Елде карантиндік шаралар жеңілдетіледі

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты ВАК карантиндік режимді жеңілдету бойынша бірқатар шешімді мақұлдады.

1. Биыл 28 тамыздан бастап рұқсат беріледі:

️«ASHYQ» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің демалыс күндері сағат 24:00-ге дейін, «ASHYQ» жобасының көшбасшылары – «ASHYQ» қосымшасы арқылы расталған қызметкерлер мен келушілердің ️«жасыл мәртебесі» (вакцинацияланғандар, 7 күннен кем емес теріс нәтижесі бар ПТР тестінің болуы) болған жағдайда сағат 02:00-ге дейін;

сенбі күні – қоғамдық көлік қызметіне.

2. Биылғы 30 тамыздан бастап жұмыс күндері:

️«ASHYQ» жобасына қатысатын барлық бизнес объектілерінің жұмыс уақыты 22:00-ден 24:00-ге дейін, ️«ASHYQ» жобасы көшбасшыларының жұмыс уақыты 24:00-ден 02:00-ге дейін ұзартылды.

Бұл ретте эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Алматы қаласында карантиндік шаралардың жеңілдетілуін 4 қыркүйектен бастап демалыс күндері, ал жұмыс күндері 6 қыркүйектен бастап енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, ВАК-та жаңа оқу жылына дайындық мәселесі қаралды. Премьер-министрдің орынбасары тамыз айының соңына дейін орындау үшін келесі тапсырмалар берді:

️медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, педагогтер мен техникалық персоналды вакцинациялауды аяқтау;

санитариялық талаптарға сәйкес мектептердің толық дайындығын қамтамасыз ету;

️педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін барлық білім беру ұйымдарында ️«ASHYQ» жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету;

️білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен 100% қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

мектептерде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтау.

ВАК отырысында Премьер-министрдің орынбасары басқа да бірқатар тапсырма берді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button