Хабар

Депутаттар жетім балалардың бірыңғай деректер базасын құруды ұсынды

Депутаттар 18 жастан 29 жасқа дейінгі жетім балаларды бақылауды Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға жүктеу қажеттігін айтты.

Қазақстанда 18 жастан асқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бірыңғай деректер базасын құру қажет. Мәжіліс депутаттары премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдаған сауалында осындай ұсыныс білдірді. 

Депутаттардың жазуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда ересектердің қамқорлығынсыз қалған он мыңдаған жетім бала бар. 

“Еліміздің заңнамасына сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жалға тұрғын үй алуға бірінші кезектегі қажеттілігі бар тұлғалар қатарына кіреді. Берілетін тұрғын үй бір адамға кемінде 15 шаршы метр болуы тиіс. Алайда, бүгінгі таңда, көптеген балалар үйлерінің түлектері баспанасыз жүр. 18 жастан асқан жетім балаларды жұмысқа орналастыру, оларды баспанамен қамту және тамақтандыру мәселесі қараусыз қалуда”, – деді “Қазақстан Халық партиясы” фракциясының депуты Гауһар Нұғыманова.

Депутат жетім балалар қараусыз қалса, құқық бұзушылық жасау немесе біреудің теріс әсеріне ұшырау қаупі артатынын айтады. 

“Бүгінде депутаттар мен жергілікті атқарушы органдарға жетім балалардан көптеген хаттар мен өтініштер келіп түсуде. Балаларды қорғау үшін қажетті заңдар қабылданғанымен, іс жүзінде балалар үйінің түлектері баспанасыз, далада қараусыз жүруін жалғастыруда”, – деген депутат Алтай Көлгіновтен:

18 жастан асқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың бірыңғай деректер базасын құру;
18 жастан 29 жасқа дейінгі жетім балаларды бақылауды (интернаттан кейінгі сүйемелдеу) Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға жүктеу;
жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің кешенді жоспарын әзірлеуді сұрады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button