Хабар

Депутаттар халықтың ойын білу үшін өңірлерге аттанады

Келесі аптадан бастап депутаттар өңірлерге шығады. Бұл жөнінде Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты.

Келесі аптадан бастап бәріміз өңірлерге шығамыз. Сол кезде қаралатын заңдар бойынша халықпен тереңірек пікір алмасу, жұртшылықтың ойын білу маңызды. Парламент заңдарды халық үшін және халықпен бірге жазады. Бұл – біздің басты ұстанымымыз, – деп айтты Қошанов.

Бүгін сегізінші сайланған Парламенттің бірінші сессиясын аяқталды.

Осыған байланысты, депутаттарға, Премьер-министрге, Үкімет мүшелеріне, барлық әріптесіме бірлесе атқарған жұмысы үшін алғыс білдіремін. Сондай-ақ жұмысты кәсіби деңгейде ұйымдастырғаны үшін екі Палата аппараттарының қызметкерлеріне де депутаттық корпус атынан рахмет айтқым келеді, – деді спикер.

Ерлан Қошанов ел игілігі жолындағы жауапты істе барша әріптесіне табыс тілеп, сессияның жұмысын тәмамдады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button