Воскресенье, 18.04.2021

Депутат зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесін тездетіп қабылдауды сұрады

761 мың азамат осы ережені күтіп отыр. Олардың көбісі баспана таңдап алған, ал бұл ереже жобасы түрлі келісулер бойынша кабинет аралап жүр.

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тиісті мақсаттарға пайдалану бойынша заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды тездетуді сұрады, деп жазады inform.kz.

Осы орайда ол 2020 жылдың қыркүйегінде Президент өз Жолдауында 2021 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсай алатынын жариялағанын еске салды. Бұл ретте тиісті заңға Мемлекет басшысы қол қойып, құжат заңды күшіне енді.

«Алайда Үкімет тарапынан баспана жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережесі әлі де қабылданбады. 761 мың азамат осы ережені күтіп отыр. Олардың көбісі баспана таңдап алған, ал бұл ереже жобасы түрлі келісулер бойынша кабинет аралап жүр. Осы орайда халық тарапынан көптеген ескертулер түсіп жатқанын айта кеткен жөн», — деді А. Жамалов ҚР Премьер-Министрі мен ҚР Ұлттық банкі төрағасының атына жолданған депутаттық сауалында.

Оның айтуынша, азаматтардың біразы баспананы 5 жыл ішінде сатуға болмайды деген шектеуге наразы.

«Бұл тұрғыда азаматтардың қарапайым өмірлік жағдайлары ескерілмеген, яғни басқа өңірге көшу, тұрғын үй жағдайын ары қарай жақсарту жоспарлары бар ғой. Президент тапсырмасы мен ел халқының үмітін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану бойынша қажетті заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды тездетіп, 2021 жылғы қаңтар айының соңына дейін оларды іске қосуды сұраймын», — деді А. Жамалов.

Автор: Корреспондент

Аватар

Читайте также

Армиялық балуандардың еншісінде «алтын» және «қола» медаль

Алматыда өтіп жатқан Олимпиада алдындағы Азия чемпионатында күрестің үш түрі бойынша Орталық спорт клубының нұсқаушы-спортшылары …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *