Хабар

Денсаулық сақтау министрі қандай вирустық инфекциялар өршіп тұрғанын атады

Ажар Ғинияттың айтуынша, маусымдық вирус жұқтырғандар саны былтырмен салыстырғанда 10 пайызға көп.

Биыл маусымдық жеделреспираторлы вирустық инфекциялар көбейген. Бұл туралы үкімет кулуарында журналистердің сауалына жауап беру кезінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

“Грипп, парагрипп, аденовирус, реновирус сынды маусымдық вирустардың былтырмен салыстырғанда 10 пайызға көтерілгенін байқап отырмыз. Бұған былтыр көп адам шектеу шараларына байланысты маскамен жүруі де әсер еткен болуы мүмкін”, – дейді министр.

Ажар Ғиният қазір республика бойынша тұмауға қарсы екпе жүргізіліп жатқанын айтты.

“Ол үшін Ресейден екпелер уақытылы әкелініп, қатерлі топқа кіретін адамдар егіліп жатыр. Біз бұл жұмысты екі-үш ай бұрын жүргіземіз. Себебі, ауру маусымы басталғанға дейін халықта иммунитет қалыптасып үлгеруі керек”, – деді министр.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button