Хабар

Давид Дегтярев туралы бірнеше дерек және ол алтын медаль үшін қанша сыйақы алады?

Давид Дегтярев Токиода өтіп жатқан Паралимпиададағы алтыны үшін 250 000 доллар алады.

Біздің елдегі Олимпиада мен Паралимпиада жүлделері бірдей: алтын – 250 000 доллар, күміс – 150 000, қола – 75 000, төртінші орын – 30 000, бесінші орын – 10 000, алтыншы орын – 5 000.

Ал енді Давид туралы бірнеше дерек ұсынамыз:

♦ Давид Дегтярев – 25 жаста. 1996 жылы 12 маусымда Атбасар қаласында (Ақмола облысы) дүниеге келген;

♦ Давид 19 жасында спортпен айналыса бастады, ол Көкшетаудың “Мерген” спорт клубының атынан өнер көрсетеді;

♦ Халықаралық деңгейде Давид өзінің дебютін 2017 жылы Дубайда өткізді, ал алғашқы беделді жеңісіне бір жылдан кейін қол жеткізді. Ол Паразиада-2018-де күміс алды;

♦ Давид әлі әлем чемпионаттарында жүлдеге ілінген жоқ. Тек 5 және 7-орын алған.

♦ Давид Токио Паралимпиадасына жақсы дайындықпен келді. Мамыр айында ол әлем кубогын жеңіп алды, Азия рекордын орнатты (185 келі) және өз салмағының рейтингісінде көшбасшы атанды;

♦ Давидтің кумирі – Лионель Месси;

Ал бүгін Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында пара дзюдодан отандасымыз Әнуар Сариев Қазақстан қоржынына екінші медальді әкелді.

Бұл Қазақстан тарихындағы пара дзюдодан алғашқы медаль екенін айта кеткен жөн.

Спортшымыз финалда азербайжандық Вугар Ширинлимен кездесті.

Еске сала кетейік, пара дзюдошы Әнуар Сариев жартылай финалда Венесуэлла дзюдошысын жеңіп, финалға шыққан болатын.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button