Дәрігерге жазылу, анализ тапсыру секілді амбулаторлық қызметтер бағасы қанша және қай қалаларда арзан?
Республикада амбулаторлық қызметтер орташа есеппен бір жыл ішінде 6% қымбаттады.
2021 жылдың шілде айында амбулаторлық қызметтер алдыңғы айға қарағанда – 0,2%, ал өткен жылға қарағанда 5,7% қымбаттады, деп хабарлады Energyprom.kz.
Бір жыл ішінде:
- дәрігердің алғашқы қабылдауы – 7,3%;
- тіс дәрігері қызметі – 5,6%;
- амбулаториядағы мамандандырылған дәрігерлер – 3,6%;
- медициналық зертхана мен рентген кабинеттері қызметі 3,3% қымбаттады.
Бір ай ішінде:
- дәрігерге көріну – 0,4%;
- тіс дәрігері қызметі – 0,1%;
- амбулаториядағы мамандандырылған дәрігерлер – 0,3%;
- медициналық зертхана мен рентген кабинеттері – 0,2%;
- шипажай қызметтері – 1,1%, ал жылына 10,1% қымбаттады.
Осы аталған қызметтер бағасы республиканың барлық 17 өңірінде қымбаттаған. Бір жылда баға бәрінен көп келесі өңірлерде өскен:
- Атырау облысы – 11,2%;
- Қостанай облысы – 10,3%;
- Маңғыстау облысында – 10,2%.
Ал керісінше ең аз өсім:
- Қарағанды облысы – 1,9%;
- Түркістан облысы – 2,2%;
- Алматы облысыннда – 2,5%.
Шілде айында дәрігерге бірінші рет жазылудың орташа бағасы 3,5 теңге болды. Ең жоғары бағалар:
- Атырау – 5,3 мың теңге;
- Алматы – 4,6 мың теңге;
- Шымкент – 4,5 мың теңге.
Ал керісінше бәрінен арзан баға Түркістанда тіркелді: 2,1 мың теңге.
Елде құрсақ қуысын ультрадыбыстық зерттеудың орташа бағасы 4 мың теңге болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1% қымбат.
Ең жоғары баға келесі өңірлерде тіркелді:
- Ақтау – 5,1 мың теңге;
- Алматы – 5,1 мың теңге;
- Орал – 2,6 мың теңге.
Қанның жалпы талдауы орташа есеппен 1,2 мың теңге болды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,8% қымбат. Ең жоғары баға Өскемен қаласында – 1,5 мың теңге, ал ең арзан баға Талдықорған қаласында болды – 716 теңге.
Жалпы зәр анализінің бағасы 729 теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7% көп. Аталған анализ үшін бәрінен көп Шымкент қаласының тұрғындары төледі – 878 теңге, ал керісінше ең аз баға Талдықорғанда болды – 592 теңге.
Шипажай қызметтері тәулігіне 12,6 мың теңге болды:
- ең жоғары баға Нұр-Сұлтанда – 18 мың теңге;
- ең төмен баға Қарағандыда – 10,5 мың теңге.