Без рубрики

Cирек кездесетін қару табылды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне атыс қаруын заңсыз сақтайтын облыс орталығының тұрғыны туралы жедел ақпарат түскен. 9 шілдеде ер адамның тұрғылықты жері бойынша тергеу іс-қимылдары барысында оның үйі мен гаражының жертөлесінен Шпагина пулеметі, Мосин мылтығының пышағы, травматикалық және пневматикалық тапаншалар, 11 түрлі оқ-дәрі, 8 пышақ тәркіленді.

“Атыс және суық қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс шеңберінде тәркіленген заттар бойынша сот сараптамалары тағайындалды, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр”, – деп жазылған хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button