Хабар

Биыл Қарағанды облысында 700 мүгедек адам жұмысқа орналасады

Қарағанды облысында мүгедектігі бар адамдар қатыса алатын жұмысқа орналастыру жобаларының тізбесі кеңейтілуде.

Биыл 700 адам жұмысқа орналастыру шараларымен қамтылатын болады.

Аталған мәселе облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен өткен жастар мәселелері жөніндегі кеңестің кезекті отырысында қаралды.

1 мамырдағы мәлімет бойынша, өңірде мүгедектігі бар 55 мың адам тұрады. Оның ішінде 31 031-і – 16 жастан асқан еңбекке қабілетті жандар.

«Облыста мүгедектігі бар жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі 37,1 % құрайды. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында биыл мүмкіндігі шектеулі 700 адамды қамту жоспарлануда. 427 адамды жұмысқа орналастырдық, оның 105-і жастар», – деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова.

Жұмыспен қамтудың негізгі шараларының қатарында ведомство басшысы бос жұмыс орындарын ұсыну, әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама беру, қоғамдық жұмыстарға тарту, «Жастар тәжірибесі» және «Бірінші жұмыс орны» жобаларын атады.

Сондай-ақ облыста мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қолданылады. Биыл квота берілетін 49 кәсіпорын анықталды.

Бұдан басқа, мүгедектігі бар қарағандылықтар гранттарға үміткер бола алады немесе Жастар бастамаларының бюджеттік несиесін пайдалана алады.

Ермағанбет Бөлекпаев облыстың қалалары мен аудандарында жұмыспен қамтылған мүгедектігі бар адамдар үлесін арттыруды тапсырды.

Аталған санаттағы тұрғындарға білім берудің қолжетімділігі мәселесі де қаралды. Отырыста оқушы жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру туралы айтылды.

Алдағы үш жылға арналған мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі жоспардың орындалу барысы туралы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Рауан Таран есеп берді.

Дереккөз: inform.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button