
Хабар
Биылғы күз жылы болады – синоптиктер
Қазақстанның шығыс жартысының тұрғындары әлі де еуропалық антициклон ықпал ететін жылы ауа-райын сезіне алады.
Қара теңіз аймақтарынан келетін циклон елдің батысы мен солтүстік-батысына қарай жылжиды, күн бұлтты, жаңбырлы болады және температура біртіндеп төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында күндіз ауа температурасы 15-20, оңтүстікте 20-25 градус, ал батыста, солтүстік-батыста 20-25 градус жылы болады. Республиканың солтүстігінде ауа температурасының біртіндеп 6-15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін», – деп хабарлады синоптиктер.