Бір шақырым жол жөндеуге қанша ақша жұмсалады?
Жол жөндеуші мердігер енді сол жолдың күтіміне 10 жыл бойы жауапты болады.
Үкімет сағатында Қазақстандағы автомобиль жолдарының жай-күйі мен дамуы туралы баяндама жасаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жаңадан енгізілгелі отырған ЕРСМ (engineering, procurement, construction, management) келісімшарттары аясында жолды қайта құру бағасы қалай айқындалатынын түсіндірді.
Оның айтуынша, бұл келісімшарттың артықшылығы – шарт құны техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттамаға байланбай, жоғарылатылған баға бойынша айқындалады.
Министр бұл орайда Қазақстандағы 1 шақырым автожолды қайта құру жұмыстарының құнын атады.
бірінші санатты 4 не одан көп жолақты жол – 600 млн теңгеден;
екінші санатты 2 жолақты жол – 400 млн теңгеден
үшінші санатты 2 жолақты жол – 250 млн теңгеден басталады.
“EPCM келісімшартының қағидасына сәйкес, бір орындаушы жобалау кезеңінен бастап 10 жыл бойы осы жол бөлігін күтіп ұстауға міндетті болады. Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыру кезінде оның бағасы қымбаттайтын болса, оған да мердігер өзі жауапты”, – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.