Білім мәселелері бойынша 1450 бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады
Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырды. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері – сенбі және жексенбі.
Өңірлік білім басқармалары бірыңғай байланыс орталығына екінші желі арқылы қосылған.
Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелер оны шешу үшін бірден білім басқармаларына жіберіледі.
Бүгінгі таңда байланыс орталығына 1 200-ден астам қоңырау түсті.
Азаматтарды көбінде балабақшадан орын алу үшін кезекке қалай тұру керегі қызықтырады.
Бұл мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын жергілікті атқарушы орган өкілдері жүргізеді.
Сондай-ақ ең өзекті тақырыптар – білім туралы құжаттарды қалпына келтіру, мектептегі тамақтандыру мәселесі, балаларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру.