Бибігүл Төлегенова Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды
Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасын Бибігүл Райханқызы Төлегенова басқаратын болды. Осы тағайындауға дейін ол аталмыш мекеме басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.
Бибігүл Төлегенова 1976 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Оның екі жоғары білімі бар: 1999 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2017 жылы ҚАЗМЗУ университетін бітірген.
2002 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасында әртүрлі лауазымдарды атқарды: ұйымдастыру-жедел және кадрлық жұмыс бөлімінің жетекші маманы; мемлекеттік бағдарламаны үйлестіру, медициналық технологияларды дамыту, дәрілік саясат және лицензиялау бөлімінің жетекші маманы; МСАК үйлестіру бөлімінің бас маманы; медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің лицензиялау және квота жөніндегі бас маманы; ұйымдастыру-жедел және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы; медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы; амбулаториялық-емханалық көмекті дамыту және үйлестіру бөлімінің бас маманы; Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің басшысы.
2021 жылдың сәуірінен 2023 жылдың ақпанына дейін-денсаулық сақтау басқармасы басшысының емдеу-алдын алу жұмысы АҚ және ТЖ жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі