Хабар

Балмұздақ туралы қызық дерек

Бұрында балмұздақ, бай адамдардың ғана тағамы болған. Ал қазіргі таңда, ол әрбір адам үшін қол жетімді. Көпшілік білмейтін ерекше фактілерді ұсынамыз.

Ең қымбат балмұздақ – «Алтын» деп аталады. Ол АҚШ-та сатылады және оның бағасы – 1000 доллар.

Балмұздақты мыңдаған жылдар бұрын Ежелгі Қытайда жасады. Еуропаға оны алғаш болып, сол елде саяхатта болған Марко Поло әкелді.

Оның негізгі тұтынушылары: балалар және 45 жастан асқан адамдар.

Дәрігерлер тамақ ауруларын алдын алу мақсатында, осы тағамды жеуге кеңес береді.

Жыл сайын әлемде 15 миллиард литрі тұтынылады. Құрамындағы ең маңызды компоненттердің бірі – ауа.

Басты өңдіруші және тұтынушы – Америка Құрама Штаттары. Орташа есеппен алғанда, әрбір америкалық жылына 20 килограмм жейді.

Ғалымдар ол адамның көңіл-күйін көтере алатынын дәлелдеді. Сонымен қатар, оны жейтін әйелдердің бала көтеру мүмкіндігі жоғары болады деген мәлімдеме жасады.

Оның картоп, сарымсақ, пияз, балық және т.б. жасалатын түрлері бар.

Ең үлкен балмұздақ Канада елінде жасалды. Оның салмағы – 10 тоннаны құрады!

Эскимо деп аталатын түрін алғаш Кристиан Нельсон есімді кондитер жасап шығарды.

Жазғы уақытта 1 минутта 20 балмұздақ сатылады. Әсіресе жексенбі күні сауда жақсы жүреді.

2007 жылы америкалық халық балмұздақтарға 12 миллиард доллар ақша жұмсаған! Бұл тағамды француз императоры Наполеон Бонапарт және АҚШ президенті Томас Джефферсон қатты ұнатқан.

Құрамындағы қант, оның қорытылуын баяулатады.

Жер бетінде ең көп таралған түрі – ванильді балмұздақтар.

Португалияда үй жануарларына арнап қантсыз балмұздақтар өңдірілді.

Мексикадағы ең танымал десерт – қуырылған балмұздақ.

Ресейде балмұздақтан тұратын ақшақар жасалған. Оның биіктігі – 2 метр, ал салмағы – 300 килограмм болатын.

Ең арзан тұратын түрі – көмірден істелген.

faktiler.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button