Новости

БАҚ – қызметкерлерінің күні

28 маусымда Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні атап өтіледі.

Мереке қарсаңында Қарағанды қаласының облыстық музейінде БАҚ өкілдеріне Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Мұратұлы Кожуховтың атынан алғыс хаттар берілді.

 

Қарағанды облыстық музейінде Новое телевидение, SARYARQA, Пятый канал, 1 Қарағандыдан БАҚ өкілдері жиналды. БАҚ өкілдеріне кеншілер астанасы Қарағанды қаласының тарихын айтып экспонаттарды көрсетіп таныстырды. Сонымен қатар, келген БАҚ өкілдері бір бірлерімен тәжірбие алмасып бір-бірлерін құттықтады.

– Біз өте бай әрі тарихқа толы қалада тұрамыз, біздің қаламыз туралы және біздің қаламыздың жаңалықтартын тек біз ғана емес бүкіл Қазақ елі және Әлем білу керек және Новое телевидениенің мақсатыда сол деп сөз сөйледі Никонович Руслан Иосифович.

Мереке соңында БАҚ өкілдеріне Қарағанды әкімінің атынан Алғыс хаттар мен қаламызды бейнелейтін сыйлықтар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button