Бүгіннен бастап банктер 4 пайыздық автонесиеге құжат қабылдауды бастайды
Құжаттарды 5 банк қабылдайды.
16 мамырдан бастап банктер жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдай бастайды, деп мәлімдеді ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр.
“Өнеркәсіпті дамыту қоры банктермен барлық қажет келісімді бекітті. Қажет рәсімдер орындалған соң, дүйсенбіден бастап несие береді. Барлық жұмыс дүйсенбі жүзеге асырыла бастайды деп күтіп отырмыз”, – деді Роман Скляр.
Құжаттарды 5 банк қабылдайды. Қазір револьверлік негізінде 88 млрд теңге бар және ол айналымда.
Осы орайда “ӨКМ Операторынан” аударылатын 100 млрд теңгені қосамыз”, – деп мәлімдеді Роман Скляр.
Жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:
сыйақы мөлшерлемесі: 4%;
несиелендіру сомасы: 10 млн теңгеден артық емес;
қаржыландыру мерзімі: 7 жылдан артық емес;
бастапқы жарна: 0 % бастап;
көлік құралының құны: 15 млн теңгеден аспайды.
Автонесиені екінші деңгейдегі банктер береді.
Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін министрліктермен міндетті шарт көзделген. Оған сәйкес екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс.
Сондай-ақ қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автонесие алуға тыйым салатын шектеу енгізілген.