Ата-аналардың 60 пайызы баласының мектепте не оқып жатқанына мән бермейді

Биылғы оқу жылынан бастап мектепте өтетін ата-аналар жиналысының форматы өзгереді.

Оқушылардың 60 пайызының ата-анасы мектепте не үйретіп жатқанына мән бермейді. Бұл туралы Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы жүргізген зерттеуде белгілі болды, деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясында.

Министр жиында ата-аналар жиналысының форматын өзгертіп, «мұғалім – оқушы – ата-ана» үштігінің байланысын арттыру бағытында жұмыс атқару керек екенін айтты.

«Жаңа оқу жылынан бастап мектепте өтетін ата-аналар жиналысын өткізу форматын өзгертеміз. Мұғалім алдына келген ата-анаға баласының қай пәнді ұнататынын, бірақ оны меңгеруде қандай проблемаға тап келіп жатқанын айтып отырса, ол ата-анаға өте маңызды ақпарат болар еді. Бұл тек бағаны айтып шыққаннан әлдеқайда тиімді. Жаңа оқу жылында осындай жұмысты қолға аламыз. Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы зерттеу жүргізді. Сол кезде оқушылардың 60 пайызының ата-анасы мектепте не үйретіп жатқанына мән бермейтіні анықталды», – деді Асхат Аймағамбетов.

Автор: Корреспондент

Читайте также

«Бақытты отбасы» ипотекасына қатыса алатын отбасы санаттары артты

Енді бағдарламаға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, I және II топтағы мүгедектер де қатыса …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.