Хабар

“Ата-анаңды аяла” байқауы жарияланды

Шығармашылық жұмыстарды қабылдау 25 мамыр күні аяқталады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты айына 1 рет жарық көретін діни-танымдық “Иман” журналы “Ата-анаңды аяла” атты шығармашылық байқау жариялады, деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

Байқаудың мақсаты – қазіргі қазақ қоғамында отбасылық, имандылық және ұлттық құндылықтарды насихаттау, журнал оқырмандарының шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқаудың шарттары:

  • байқауға ата-ананың құрметі тақырыбына қатысты еш жерде жарияланбаған ғибратты, әсерлі әңгімелер мен эсселер жіберіледі;
  • шығармашылық жұмыстар Word файлы түрінде қабылданады. Мақала көлемі Times New Roman шрифтімен 14 кегль өлшемінде, біртекті интервалмен теріліп, жалпы көлемі 4 беттен аспауы тиіс;
  • жұмыстар ұйымдастырушының мекен-жайына (Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 16) және iman-kz@mail.ru электронды поштасына – “Байқауға” айдарымен жолдануы тиіс;
  • бір қатысушы бір номинацияға бір материал ғана жібере алады;
  • материалдар тек қазақ тілінде қабылданады;
  • қатысушылар шығармашылық жұмыстарға өздерінің толық аты-жөнін, телефон нөмірін, мекен-жайын, электронды поштасын және өздері туралы қысқаша мәліметті қосып жазып, iman-kz@mail.ru электронды поштасына жіберуі керек.

Байқау талаптары:

  • байқауға шығармашылық жұмыстарды қабылдау 2022 жылдың 25 мамыр күні аяқталады;
  • Қазақстанның егемендігіне, біртұтастығына, бірлігіне нұқсан келтіретін, байқау шарттарына сай келмейтін материалдар байқауға қабылданбайды;
  • шығармашылық жұмыстардың мазмұны жобаның атауына (“Ата-ананы аяла”) сай болуы керек.

Жүлде қоры:

  • І орын – 250 мың теңге;
  • ІІ орын – 150 мың теңге;
  • ІІІ орын – 100 мың теңге;
  • ынталандыру сыйлықтары – 70 мың теңгеден үшеу.

Еске салсақ, қазақстандық әйелдердің жартысына жуығының үй шаруасына күнделікті 6 сағат жұмсайтыны туралы зерттеу нәтижесін жариялаған едік. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың жартысына жуығы үй шаруасын әділ бөлу және әйелдердің еңбегін ерлермен тең дәрежеде төлеу маңызды екеніне сенімді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button