Ардагерлер естелігі: Соңғы сарбаз қалғанша – тек қана алға!
Атаулы күнге орай, отты жылдарды бастан өткерген майдангерлердің естеліктер топтамасын ұсынамыз.
“2018 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 2067 ҰОС ардагері, 140 606 тыл еңбеккерлері және 65817 ҰОС ардагерлеріне теңестірілген адамдар жәрдемақы алып отыр”, – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
ҰОС ардагерлерінің басым бөлігі Алматы қаласында (387 ардагер), Шығыс Қазақстан (246), Оңтүстік Қазақстан (187) және Қостанай (165) облыстарында тұрады. Ал олардың ең аз саны Атырау (29 ардагер), Қызылорда (37), Маңғыстау (36) облыстарында тіркелген.
Министрліктің хабарлауынша, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері ҰОС-тағы Жеңістің 73 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген адамдарға 2,7 млрд теңге бір реттік ақшалай төлемдер берді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат агенттігі.