Хабар

Аптап ыстықтан қалай қорғануға болады?

Еліміздегі аптап ыстық тағы бірнеше күнге жалғасады. Мұндай ауа райы, әсіресе, балалар мен қарттарға, сондай-ақ жүрегі ауыратын адамдар үшін қолайсыз. Осыған байланысты елорда дәрігерлері бірнеше кеңес берді.

«Ыстық күндері далаға шығардан бұрын салқын сумен жуынып алған дұрыс», дейді №10 қалалық поликлиника дәрігері Наргиз Абдурраимова.

Дәрігердің айтуынша, аптап ыстықта далаға шығу үшін сағат таңғы 10.00-ге дейінгі немесе кешкі 17.00-ден кейінгі уақытты таңдаған абзал. Себебі ең жоғары температура, әдетте, сағат 11.00 – 17.00 аралығында болады. Ал белгілі бір себеппен осы уақытта далаға шығу қажеттілігі туындаса, ашық реңкті жеңіл матадан тігілген, кең тұратын киім киген жөн. Сондай-ақ дәрігер күн астында 2 сағаттан астам қалмауға кеңес береді. Себебі күн өту немесе күнге күю қаупі бар.

«Күн астында көп жүрген адамның көзі қарауытып, басы айналуы, жүрегі айнуы мүмкін. Жүрек соғысы жиілеп, терісі боп-боз болып кетсе, күн өткеннің белгісі. Ал күнге күйгенде тері қызара бастайды. Ондай кезде көлеңкелі жерге отырып демалу, ғимаратқа кіріп жата тұруы керек. Көп су ішкен де пайдалы», деп түсіндірді дәрігер.

Аптап ыстықта су мен аса тәтті емес жеміс шырынын ішуге болады. Шай ішкіңіз келсе, біраз суығанын күткен жөн.

«Мұндай күндері қуырылған, ыстық тамақтан, ішімдіктен, қою шай мен кофеден, газдалған сусындардан бас тарта тұрған дұрыс. Жеміс-жидек, салқын сорпа, майлы емес ет пен балық жеуге болады», дейді Н. Абдурраимова.

Сонымен қатар бөлмені жиі желдетіп, терезелерді қараңғылап қоюға кеңес берді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button