Хабар

2023-2024 оқу жылына 88 мың грант бөлінген

Жоғары білім берудің барлық деңгейлері бойынша 2023 – 2024 оқу жылына арналған білім гранттарын бөлу тізімі жарияланды, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Биыл жоғары оқу орындарында оқу үшін 88 мың грант бөлінген: бакалавриатқа – 73 мыңға жуық, магистратураға – 13 мыңнан астам, докторантураға – 1800-ден астам.

Сондай-ақ «Серпін» бағдарламасы арқылы түсушілерге 3 653 грант бөлінген. «Серпін» жобасы арқылы 4 бағыт бойынша білім алуға болады: педагогика ғылымдары, инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы.

Бағдарламаға оңтүстік өңірдегі ауыл жастары қатысады. Айта кетсек, оқу бітірген соң грант өтеу мерзімі 3 жылдан 2 жылға қысқартылды.

Сондай-ақ бұрын мамандар өзі оқыған аймақта ғана грантты жұмыспен өтейтін болса, енді 11 аймақта қызмет ете алады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60% техникалық мамандықтарға бөлінді. Сонымен қатар биыл халық тығыз қоныстанған батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастары үшін гранттар бөлінді. Талапкерлер берілген ақпарат негізінде дұрыс таңдау жасайды деп сенемін», деп атап өтті Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button