Амнистияға кімдер ілігеді?

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Хабар» телеарнасының «Национальный интерес» бағдарламасына берген сұхбаты барысында хабарлады. Оның айтуынша, амнистия бойынша заң жобасы дайын.

Сондай-ақ Парламент Мәжілісінде де талқыға салынды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында аталған құжатты дайындадық. Амнистияға онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған азаматтар ғана іліге алады. Оған қоса, кәмелеттік жасқа толмағандар, егде жастағылар мен І және ІІ топтағы мүгедектер, жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған баласы бар әйелдерге рақымшылық жасалады», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Айта кететін жайт, мыңдаған адам жазасын өтеуден босатылады.

«Пробациялық бақылауға 3818 адам алынған. Амнистияның екінші тармағы бойынша жазасын өтеу мерзімін қысқарту қарастырылған. Оған жазасын өтеп жатқан 1300 адам және пробациялық бақылаудағы 7 мың адам ілігеді. Үшінші тармақ – өндірістегі қылмыстар. Қазіргі уақытта 5 мыңдай қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол бойынша 316 адам қамауда, соларға қатысты шешім шығарылады. Егер олар кінәсін мойындаса, рақымшылық жасалады. Кінәсізбіз десе, тергеу әрі қарай жалғасады», – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр пандемия кезінде қандай қылмыс түрі көбейгені туралы айтқан болатын.

Оның айтуынша, пандемия кезінде екі проблема пайда болған.

«Бұл мәселе бұрындары аса қатты көзге түспеген. Соңғы 3 жылда елімізде қылмыс 47%-ға азайды. Алайда екі қылмыс түрін азайғандардың қатарына жатқыза алмаймыз. Оның бірі – отбасылық-тұрмыстық қылмыс болса, екіншісі – алаяқтық. Онлайн жұмыс істеу алаяқтықтың белең алуына әкелді», – деді ведомство басшысы.

baq.kz

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қаңтар оқиғасында зиян шеккендерге психологтар бір ай тегін көмек көрсетеді

Акция 24 қаңтар мен 24 ақпан аралығында WhatsApp және ZOOM платформасында онлайн өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *