Хабар

Алаяқтар 2 мың қазақстандықтың атынан онлайн несие алған

Жыл басынан бері интернет-алаяқтар 2 мың адамның дербес деректерін ұрлап, соның негізінде онлай несиелер ресімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз ведомствоның ақпарат алаңында өткен онлайн брифингіде осындай мәлімет таратты.

«Алаяқтардың ғаламтор арқылы жасайтын айласы күн сайын түрленіп жатыр. Полиция сақ болу қажеттігін қанша ескертсе де, сан соғып қалып жатқандар жетерлік. 9-15 тамызы аралығында республика аумағында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған қылмыстардың, оның ішінде интернет-алаяқтықтың алдын алуға, ашуға және жолын кесуге бағытталған «Алаяқтыққа қарсы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде бір апта ішінде 270 заңбұзушылық анықталды. Соның ішінде түрлері бойынша: интернет қолданушыларға қарсы алаяқтық – 230, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы ұрлық жасау – 6, ақпаратқа заңсыз қол жеткізу – 4, қылмыстың басқа 30 түрі тіркелді», – деді Нұрділдә Ораз.

Сондай-ақ ол, осы шара кезінде бұрын жасалған 433 қылмыстың беті ашылғанын

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button