Хабар

skills.enbek.kz платформасы бұрынғыдан да ыңғайлы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2022 жылғы 9 наурыздан бастап skills.enbek.kz онлайн режімде кәсіптік оқыту платформасында қолданыстағы функционал оңтайландырылды және жаңа сервистер іске қосылды.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жү­йелі реформалар – ел өркендеуінің берік негіз­і» атты Қазақстан халқына Жолдауында кор­он­авирус инфекциясының таралуынан туын­даған пандемия еңбек нарығының айтар­лықтай өзгеруіне әкелгенін атап өтті. Көп­теген жаңа кәсіптердің пайда болуы, про­цес­терді автоматтандыру және цифрланды­ру аясында жеке бәсекеге қабілет­тілік жаңа кәсіптерді бірнеше рет қайта даярлау және дамыту арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

Қазақстандықтарға кәсіби өсу және дағ­дыларды арттыру мүмкіндіктерін қам­тамасыз ету үшін аталған платформада курстарды іздеу жетілдірілді, сабақтардың түсінік­ті құрылымы құрылды, оқыту проце­сін­ қадағалау және курс авторларымен жылдам өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігі бар. Платформаны пайдаланушылар енді курс­тардың және білім алушылардың саны, беріл­ген сертификаттар, рейтинг және курс тыңдаушыларының пікірлері туралы ақпа­рат берілген автордың профилімен таныса алады. Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы қолжетімді, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарау, сертификаттардың әр түрлі дизайны қарастырылған, сонымен қатар оқу құнын алдын-ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.

Бұрын хабарланғандай, skills.enbek.kz плат­формасы жалпы ел халқының білім дең­гейі мен кәсібилігін арттыруға, мансап­тық дамуды ынталандыруға және «өмір бо­йы оқыту» тұжырымдама­сын ілгерілетуге ар­­нал­ған. Оқуға тіке­лей https://skills.enbek.kz/ сіл­темесі арқылы немесе enbek.kz элект­рон­­ды еңбек биржасында «Онлайн оқыту» бө­лімін таңдау арқылы өтуге болады.

Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда (70% шекті деңгеймен тестілеу) дағдыны игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау. Бұл сертификат enbek.kz электронды еңбек биржасында тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Түйіндемені қарау кезінде әлеуетті жұмыс беруші skills.enbek.kz-те табысты оқудан кейін алынған сертификаттарды көретін болады.

Былтыр шілде айында іске қосылған сәттен бастап платформада 9,1 мың азамат оқуын аяқтап, курстан өткені туралы сертификаттар алды, оның ішінде 5,5 мыңы – жұмыссыз азаматтар. Оған жалпы 15 мыңнан астам азамат тіркелген. Бұл ретте оқудан өткен жұмыссыздар арасында 2,3 мың адам – негізінен Қызылорда, Батыс Қазақстан, Түркістан, Атырау және Ақтөбе облыстарынан келген жастар өкілдері.

Авторлар іске қосылған сәттен бастап платформада әртүрлі бағыттар бойынша 100-ден астам курстар жариялады, олардың 60-ы тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Қазіргі уақытта «Управление персоналом», «Сүтті ірі қара өсіру», «Выращивание клубники от А до Я», «Ұннан жасалған кондитер өнімдері, жіктелуі және дайындалу технологиясы» және «Кассир» курстары сұранысқа ие.

Онлайн курстарды әзірлеушілер үшін плат­фор­мада тіркелу тегін. Курстарды құру­ға арналған құралдарды пайдалану оңай.

Ұсынылатын онлайн курстардың ұзақ­тығы – 6-дан 144 сағатқа дейін. Курс­тарда ақпаратты ұсынудың әртүрлі формат­тары болуы тиіс: мәтін, презентациялар, бейне және аудиоматериалдар, инфографика және басқа да түрлері. Курстар мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылуы мүмкін. Платформа ерекше қажеттіліктері бар студенттер үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін ұсынады.

skills.enbek.kz платформасында тір­келу және жұмыс істеу бойынша бар­лық сұрақ­тар бойынша «ЕРДО» АҚ жауапты қызметкерлерімен байланысу қажет:

8 (7172) 95 43 17 (ішкі 877, 878).

egemen.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button