1 наурызда Қазақстан бойынша сирена іске қосылады
1 наурызда Қазақстан бойынша сирена іске қосылады. Мұны төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2022 жылғы 1 наурызда сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін республика бойынша азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі тексеріледі.
“Төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету — тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы. Құлақтандыру жүйесін тексеру кезінде электр дабылдарын және сиреналық сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосылады, сонымен бірге теледидар және радиоарналарының эфирі ұсталады, интернет-ресурстар мен мобайл қолданбаларда ақпарат орналастырылады”, — делінген хабарламада.
«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы — бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай болған кезде барлық шұғыл хабарламаны берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.
Осы сигналды естігенде болған жағдай туралы және халықтың іс-қимыл тәртібі туралы ақпаратты тыңдау үшін теледидарларды, радиоқабылдағышты қосуыңыз керек, интернеттегі және мобайл қолданбалардағы нұсқауларды оқуыңыз керек, бұл сіздің одан әрі қалай әрекет етуіңіз үшін қажет.
“Сонымен қатар қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехника құрылыстарындағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі. Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған”, — деп хабарлады ведомство.