Хабар

Шетелге шығатын қазақстандықтар вакцинация мәселесін қалай шеше алады

Шетелге шығатын қазақстандықтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналарды ектіре алады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев аталмыш санатқа қандай азаматтар кіретінін айтты.

«Қазіргі таңда ҚР бас санитар дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №2 қаулысына сәйкес, жекелеген жағдайларда ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияның толық курсын қайта өтуге мүмкіндік беріледі», – деп түсіндірді Ержан Байтанаев.

Айтуынша, мұндай мүмкіндік берілген азаматтар қай санатқа жататынына байланысты, түрлі талаптарды орындауы қажет.

Сонымен, ДДҰ тіркеуінен өткен вакциналарды мына санаттағы азаматтар қосымша қабылдай алады:

  • Халықаралық деңгейде Қазақстанның атынан әрекет ететін тұлғалар;
  • үкіметаралық келісімдер, мен шарттар аясында, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқитын студенттер және олардың отбасы мүшелері;
  • шетелге емделуге жіберілген науқастар мен оларды емдеуге ертіп жүретін адамдар.

Қажетті құжаттар:

Әртүрлі себептермен шетелге шығуы қажет болған тұлғалар тиісті ведомствоға сапар себебін растайтын құжатын ұсынуы қажет.

Мысалы, шетелде білім алушылар ҚР Білім және ғылым министрлігіне растаушы құжат ұсынады; Шетелде емделуге мұқтаж науқастар тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға немесе аумақтық денсаулық сақтау басқармасына құжат өткізеді.

Студенттер үшін:

ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірге әзірленген іс-қимыл алгоритмі бойынша:

  • «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері және үкіметаралық келісімдер мен шарттардың, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге оқуға жіберілетін адамдар, шетелдік оқу орындарына өз бетімен түскен және үкіметаралық келісімдер мен академиялық ұтқырлық шеңберінде білім алатын студенттер, Work and travel бағдарламасы бойынша шетелге шығуды жоспарлаған студенттер мен олардың отбасы мүшелері ҚР Білім және ғылым министрлігіне жазбаша өтініш береді;
  • Сол өтініштер негізінде министрлік тізім жасап, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жолдайды;
  • Денсаулық сақтау министрлігі бұл тізімдерді медициналық ұйымдарда вакцинациялауды одан әрі ұйымдастыру үшін өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларына жібереді;
  • Медициналық ұйымдар студенттерді вакцинациялаудың толық курсын қайталап жүргізеді, де, тізімдерді ақпараттық жүйеге мәліметтер енгізу үшін Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығына (РЭДСО) береді;
  • Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан аяқтағаннан кейін және екпе алғаны туралы деректерді ақпараттық жүйеге eGov мобильдік қосымшасында енгізгеннен кейін студенттердің атына электрондық вакцинация паспорты мен қағаз нұсқадағы вакцинация туралы анықтама толтырылады.

Шетелде емделушілер үшін:

Шетелге емделуге жіберілгендер мен оларды ертіп жүретін адамдар медициналық ұйымға Қазақстаннан тыс жерде емделу қажеттілігін растайтын құжат ұсынуы қажет. Осы құжаттардың негізінде медицина қызметкері ДДҰ мақұлдаған вакцинамен Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауды жүргізеді және деректерді ақпараттық жүйеге енгізеді.

КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан аяқтағаннан кейін eGov мобильдік қосымшасында емделуші мен оның сапарласының атына вакцинацияның электрондық паспорты мен қағаз нұсқадағы вакцинация туралы анықтама толтырылады.

Қазақстанның өкілі ретінде әрекет ететін тұлғалар үшін:

Халықаралық деңгейде Қазақстанның атынан әрекет ету үшін шетелге шығатын адамдар тиісті ведомствоға немесе мемлекеттік органға (Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігі және басқа да министрліктер) жүгінуі қажет. Ол орган мәселені ведомствоаралық комиссияның (Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия) қарауына шығарады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аталған ведомствоаралық комиссия хаттамасының негізінде КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жататын адамдардың тізімін шетелге шығатын адамдарды вакцинациялауды ұйымдастыру үшін аумақтық денсаулық сақтау басқармаларына жібереді.

Медициналық ұйымдар әлгі тізімдегі адамдарға вакцинациялаудың толық курсын қайталап жүргізеді және мәліметтерін ақпараттық жүйеге енгізеді. КВИ-ге қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан аяқтағаннан кейін eGov мобильдік қосымшасында аталған адамдардың атына вакцинацияның электрондық паспорты мен қағаз нұсқадағы вакцинация туралы анықтама толтырылады.

Қазақстандықтар шетелге шығу үшін ДДҰ мақұлдаған вакциналардың мына түрлерін қабылдай алады:

  • «VeroCell», инактивтендірілген «Sinopharm».

«VeroCell»-ді:

  • коронавирусқа қарсы алғаш рет екпе алып тұрған қазақстандықтардың бәрі салдыра алады;
  • ал қайтадан вакциналациялау курсына (1 және 2 доза) жоғарыда аталған санаттағы шет елдерге шығатын қазақстандықтар пайдалана алады.

«VeroCell» екі дозалы вакцина. Шетелге шығу үшін 21 күннен кейін екі компонентті алу керек. Денсаулық сақтау министрлігі әр елдің өз талаптары бар екенін ескертті. Мысалы, екінші компоненттен кейін белгілі бір кезеңді күту қажет деген сияқты талаптар қойылуы мүмкін.

inform.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button