Хабар

«Күшіміз бірлікте» қоғамдық қоры ашылды

Алматы қаласы кәсіпкерлерінің бастамасымен «Күшіміз бірлікте» қоғамдық қоры ашылды. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов хабарлады.

Палата өкілдері еліміздің ірі бизнесмендерін мүмкіндігінше қорға қаржы аударуды сұрайды. Қазір қорды тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Бүлікшілердің әрекетінен бизнеске 90 миллиард теңгеден астап шығын келді. Қазір зардап шеккен кәсіпкерлер тізімі реттеліп жатыр.

“Барлығы ашық түрде болады. Түскен қаражат сомасы және бұл қаражат кімге қай мөлшерде, қай мекемеге аударылатынын ресурсымызда жариялауға дайынбыз. Мемлекеттік комиссия қазіргі таңда құрылуда. Зардап шеккен кәсіпкерлерге фото видео фиксация жасап, жергілікті полиция қызметкерлерімен протокол құрастырып, құжаттарыңызды даярлауға болады”, – деді Нариман Әбілшайықов.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button