Хабар

Ішкі істер министрлігі пиротехникалық бұйымдар қаупін ескертті

Жаңажылдық мерекелерді өткізудегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 15 желтоқсаннан бастап полиция және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері «Пиротехника» жедел-алдын алу шарасын өткізеді.

Аталған шара сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың және рұқсат беру құжаттарынсыз сауда фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған.

«Ішкі істер министрлігі петардалар мен Бенгал оттары фейерверктерін сатып алу кезінде міндетті түрде өнімнің сертификатына назар аударуға, пиротехниканы пайдалану ережелерімен танысуға кеңес береді. Оны сақтау және іске асыру мерзіміне мән беріңіз. Мерзімі өтіп кеткен тауарларды ешқандай жағдайда қолдануға болмайды», деді Нұрділді Ораз ҚР ІІМ баспасөз алаңында өткен брифингте.

Пиротехниканы іске қосу кезінде темекі шегуге қатаң тыйым салынады және тұрақтағы көліктердің жанында атуға болмайды. 50 метр радиуста өрт қаупі бар нысандар болмауы тиіс.

«Көрермендер фейерверктен 15-20 метр қашықтықта, түтін мен бұйымдардың жанбай қалған бөліктері ұшпау үшін міндетті түрде жел жағынан тұруы керек. Отшашуды қолмен қосуға тыйым салынады. Осындай қарапайым ережелерді ұстану өміріңіз бен денсаулығыңызды, және мерекелік көңіл-күйді сақтауға мүмкіндік береді. Пиротехника – өрттің пайда болуына ғана емес, адам денсаулығына да елеулі зиян келтіруі мүмкін қауіпті құрал. Сол үшін пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелерін сақтау қажет», деді Н. Ораз.

Egemen.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button