Без рубрики

Қарағандыда еріктілер 500-ге жуық мұқтаж отбасына көмек көрсетеді

Қарағанды Жастар ресурстық орталығының еріктілері 480 отбасына, оның ішінде 1 153 адамға қолдау көрсетеді. Бұл адамдарға тұрақты негізде көмек көрсетіледі. Олардың көпшілігі зейнеткерлер.

2020 жылдан бастап Қалалық ресурстық орталық Jastar birge жобасын іске асырылып жатыр.

«Қазіргі уақытта қаламызда 42 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Бұл негізінен студенттер, бірақ мектеп оқушылары да, ересектер де бар. Игі істерді біз кәсіпкерлердің демеушілігімен жүзеге асыра аламыз. Пандемия басылып, жұмыс азая бастаған кезде еріктілер шынымен мұқтаж жандарға – жалғыз басты зейнеткер, мүмкіндігі шектеулі адам, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмектесті», – дейді Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Сымбат Әубәкірова.

Орталықта көптеген жобалар мен тұрақты акциялар бар. «Ардағым – ардагерім» жобасы аясында еріктілер жалғыз тұратын зейнеткерлер мен ҰОС және еңбек ардагерлеріне көмек көрсетеді. Олар үйді тазалайды, азық-түлік пен дәрі әкеп береді, емхана, банк және поштаға барады.

Ай сайын еріктілер қажетті тауарлардан жинақталған азық-түлік себетін тасымалдайды. Оларды көп балалы және аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі адамдар және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар алады. Ай сайын еріктілер 20 жаңа отбасына барады. Акция жарты жылға есептелген.

Еріктілер тұрғындар арасында коронавирус туралы түсіндіру жұмысын жүргізеді. Ақпараттық буклет пен медициналық маска таратады.

Жастардың есірткіні пайдаланбауы үшін полициямен бірге сенбілік және юасқа да іс-шараларға қатысады.

14 жасқа толған кез келген қарағандылық ерікті болуына мүмкіндік бар. Орталықта жаңадан келгендер тегін оқытылады. Дәрісте заңдар мен мінез-құлық этикасы түсіндірледі. Ұлттық еріктілер желісінің жетекшілері тәжірибесімен бөліседі. Мұнда олар алғашқы медициналық көмек көрсету және ТЖ кезінде көмек көрсету дағдысын үйренеді.

Жанарай Санақбай 2019 жылы ерікті болып қызмет етті. Бойжеткен әрқашан мұқтаж жандарға көмектескісі келеді. Бүгінде ол VolteQ еріктілер корпусының жетекшісі.

«Қазір біз Jastar birge жобасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ай сайын аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жеткіземіз. Есірткі жарнамасын бойып тастаймыз, полиция басқармасымен бірлескен осындай рейдтерге барамыз. Қарт адамдарға үй шаруасына көмектесеміз. Мен ерікті болғып келді, себебі игі істеріміз үшін адамдардан алғыс аламыз. Сіз көмектесетін адамдардың қуанышты жүзі ерекше сезім сыйлайды. Әсіресе көп балалы отбасылармен жұмыс істегенді ұнатамын. Балалардың эмоциясы, күлкісі ештеңемен салыстыруға келмейді. Мен медбике мамандығын оқимын, бірақ мен еріктілер саласында әрі қарай қызмет етемін деп шештім», – дейді Жанарай Санақбай.

Төрт ай бұрын зейнеткер Валентина Красноваға оның танысы еріктілердің телефон нөмірін берген. 76 жастағы әйел қатты ауырып қалып, оған үйде көмек қажет болды. Валентина Краснованың екі ұлы бар, олардың бірі Қарағандыда тұрады, сондықтан кейуанаға әлеуметтік қызметкер тиесілі емес.

«Бірақ ұлым да ауырады, қант диабеті бар. Келінімнің де анасы қатты ауырады. Сондықтан ешкімнен көмек сұрай алмаймын. Еріктілерге рахмет. Олар маған бес-алты рет келді. Дүкенге бірнеше рет барды. Олар үйімді жинап, тіпті перделерді шешуге көмектесті, содан кейін келіп, іліп берді. Үйім таза, одан артық не қажет. Еріктілер қозғалысы өте қажет. Көптеген зейнеткерлер қарапайым көмекке мұқтаж болғанда, жүгінетін жерлері болмайды. Қазір өзімді жақсы сезінемін, әзірге көмек сұрамауға тырысамын», – дейді зейнеткер.

 

 

 

 

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button