Хабар

Гив ойнатуға тыйым салынды

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарысты ғұламалар кеңесі «Форекс» нарығында сауда жасап, табыс табуға тыйым салды. Сондай-ақ шариғат негіздеріне сүйенген ғалымдар соңғы кездері қоғамды толғандырған түйткілді мәселелерді талқылап, бірқатар жаңа пәтуа шығарды.

Бұл туралы «31 арна» хабарлайды.

Биыл ХХХІ рет өткізілген ғұламалар кеңесінде елді толғантқан ең өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, бірқатар жаңа пәтуа қабылданды.

Шариғат негіздеріне сүйенген ғалымдар соңғы кездері қоғамды толғандырған түйткілді мәселелерді талқылап, бірқатар жаңа пәтуа шығарды. Мысалы, көптеген жастарды «онлайн неке қию» мәселесі қызықтырған. Дін қызметкерлері күйеу жігіт пен қалыңдық және куәгерлер бір жерде отырмаса немесе сөйлеген сөздері естілмесе неке қиюға рұқсат жоқ деп шешкен. Бірақ белгілі бір себептермен неке қиятын имам басқа жерде, ал қалғандары бір шаңырақ астында болса рұқсат етіледі екен.

Ал «Гив» ойнатқанда парақшаға тіркелушілер тарапынан кіру жарнасы алынса не бір затты сатып алу шарты қойылса конкурсқа қатысуға болмайды. Яғни, тыйым салынады. Егер тіркелушілерден жарна алынбай, ұтыс демеушілер тарапынан қойылса қатысуға рұқсат.

Әлеуметтік желіде бірнеше рет «Гив» ұйымдастырған Ақмарал Елшінбай көп жағдайда ойынға тігілген ұтыстар демеушілер жағынан болады деді. Тиісінше, ғалымдар айтқан ереже де бұзылмайды екен.

“Қатысатын қарапайым халықтан ешқандай ақша алмаймыз. Олардан тек қана өзімізден және демеушілерден болатын қаражатқа сыйлығымызды аламыз да сол сыйлықты тегін таратып беретін боламыз”, – дейді блогер Ақмарал Елшін.

Кеңесте қаралған тағы бір мәселе тұрмыс құрған әйелдің тегін ауыстыруы. Ғалымдар талқылай келе «әркім өз әкесінің атымен аталуы керек. Әкесінің атын өзгерту харам» деп үкім шығарыпты. Әрі тұрмысқа шыққан әйел де өз тегінде қалғаны дұрыс, ал жарының тегіне өту-өтпеуі өз еркінде деді. Бірақ ер адамға зайыбын тегіне өтуге міндеттеуге болмайды.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button