Общество

Әкімдікке үміткерлер үшін «Новое Радио (Жаңа FM)» радиостанциясында эфир уақытын беру шарттары

Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылы, кенті, ауылдық округі әкімдерінің сайлауына қатысатын кандидаттарға «Байлық Инновация» ЖШС-нің «Новое Радио (Жаңа FM)» радиостанциясында эфир уақытын берудің жалпы шарттары

«Байлық Инновация» ЖШС-нің «Новое Радио (Жаңа FM)» радиостанциясының (бұдан әрі – Радиостанция) меншік иесі бола отырып, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы Конституциялық заңына сәйкес, 13-1 тарау, аудандық маңызы бар қалалар, ауыл, кент , ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды 2021 жылғы 25 шілдедегі сайлауға қатысу үшін сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі-үгіт материалдары) орналастыру үшін радиостанцияға эфир уақытын беру төлем мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы хабардар етеді.

Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады, осылайша эфирде үгіт материалдарын орналастыру 2020 жылғы 15 шілде сағат 00.00-ден 2021 жылғы 24 шілде сағат 00.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Радиостанциядағы эфирлік уақыт қолда бар техникалық мүмкіндіктерді, яғни радиостанцияның эфирлік уақытының болжамды уақыт аралығында жарнаманың болуын және/немесе болмауын ескере отырып беріледі.

Кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру үшін эфир уақыты::

1. аудиороликтер, хронометражы 30 секундтан аспайды.

2. радио студиясында 10 минутқа дейін кандидатпен тікелей эфир

3. радио студиясында үміткермен 10 минутқа дейін онлайн тікелей эфир (Skype, Zoom)

Үгіт материалдарын орналастыру құны ҚҚС-сыз минутына 7200 теңгені құрайды.

«Новое Радио/Жаңа FM» «Otau TV» спутниктік сегментінде № 216 «Тегін» пакетінде.

Ақкөл қ. 107,8 FM толқынында

103,2 FM толқынында Есік қаласы

Жезқазған қ. 106,6 FM толқынында

Қарағанды қ. 101,2 FM толқынында

Сәтбаев қ. 106,6 FM толқынында

Степногорск қ. 104,8 FM толқынында

Теміртау қ. 101,2 FM толқынында

Жеңілдіктер қарастырылмаған. Орналастыру құнына радиостанцияны хабар таратудың барлық қолжетімді орталарында (эфирлік аналогтық, спутниктік, сондай-ақ кабельдік операторлар және Интернет желісінде онлайн хабар тарату арқылы) трансляциялау мен ретрансляциялау кіреді. Жасалған шарт бойынша ақы төлеу радиостанция иесінің берген төлем шотының негізінде шот ұсынылған сәттен бастап 5 (бес) банктік күн ішінде радиостанция иесінің банктік деректемелеріне жүзеге асырылады.

Эфир уақытын беру тәртібі:

Радиостанцияда эфир уақытын беру радиостанцияның меншік иесі мен кандидатты ұсынған саяси партияның сенім білдірілген тұлғасы не өзін өзі ұсынған кандидат арасында жасалатын эфирде үгіт материалдарын орналастыру шартының негізінде және радиостанция бекіткен монтаждау парақтарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте үгіт материалдарының монтаждау парақтары эфирге болжамды шыққанға дейін 2 (екі) жұмыс күні бұрын әзірленеді, бұл ретте жазбаша өтініш берілген күн көрсетілген мерзімге есептелмейді. Үгіт материалдары радиостанция эфирінде қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.

Эфирде үгіт материалдарын орналастыруға шарт жасасу үшін Кандидат не оның уәкілетті адамы не өзін — өзі ұсынған кандидат радиостанцияның меншік иесі басшысының атына радиостанция иесінің мекенжайы бойынша жазбаша өтініш береді: Қарағанды қаласы, Абай көшесі, 10а, 10 сағат 00 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 2021 жылдың 12 шілдесі 9.00-ден 22 шілде 18.00-ге дейін қоса алғандағы кезеңде.

Өтініштер факсимильдік байланыс және деректерді беру желісі арқылы қабылданбайды.

Үгіт материалдарының хронометражы, саны, болжамды күні мен уақыты кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шартта белгіленеді.

Эфирде үгіт материалдарын орналастыруға арналған жазбаша өтініштерге қоса берілуге тиіс:

1.кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2.кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3.өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4.шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Кандидаттардың үгіт материалдарын радиостанция эфирінде орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен не өтініш бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізудің тәртібі мен шарттарын радиостанцияның меншік иесі айқындайды.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте сұрау салынған уақыт бұрын жүгінген басқа кандидатқа берілсе не техникалық мүмкіндіктер бойынша беру мүмкін болмаса, радиостанция кандидатқа радиостанцияның техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.

Үгіт материалдарын ұсыну тәртібі:

Үгіт материалдары радиостанцияның меншік иесіне радиостанцияның эфирінде болжамды шығуынан 2 (екі) жұмыс күні бұрын материалдық тасығыштарда: DVD, CD, қатты диск (HDD) немесе USB 2.0, USB 3.0 флеш картасы радиостанцияның меншік иесімен мынадай техникалық сипаттамалары бар эфир уақытын беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлға қол қойған ілеспе хатпен ұсынылады:

– HDD немесе флэш-карта үшін файлдық жүйе: NTFS немесе FAT32;

– WAV форматы: 44100 Гц, 16 бит;

MP3 форматы: 44100 Гц, 320 кбит.

Үгіт материалдарында олардың төленгені, қаржыландыру көздері, адамның тегі туралы дыбыстық ақпарат болуға тиіс.

Радиостанцияның меншік иесі, егер оларда Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеялары болса, үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартады.

Материалда басқа тіркелген кандидаттардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда радиостанцияның меншік иесі үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартуға құқылы. Осы материалды ұсынатын Кандидат радиостанция иесінің талап етуі бойынша үгіт материалдарындағы жоғарыда көрсетілген сипаттағы ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Кандидаттарды ұсынған саяси партиялар не үгіт материалдарын ұсынған өзін – өзі ұсынған кандидат үгіт материалы мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Осы хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған кезде үгіт материалдарын эфирге хабарлау жүргізілмейді не бұзушылықтар жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфир уақытын беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button