Хабар

Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды

Қазақстанда Әлеуметтік қызметтер порталын (бұдан әрі – Портал) қолдау бойынша байланыс орталығы жұмыс істей бастады. Оған тілді таңдап, 4 санын баса отырып, бірыңғай 1414 нөмірі арқылы кіруге болады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Орталық операторлары Портал пайдаланушылары – мүгедектігі бар адамдар және әлеуметтік қызметтерді жеткізушілер үшін ақпараттық-консультациялық қызметтерді мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады. Атап айтқанда, Портал жұмысы бойынша кеңес алуға, техникалық мәселелер бойынша сұранымды шешуге, портал функцияларын жетілдіру бойынша кері байланыс алуға болады.

Бүгінгі таңда орталықта 3 талдаушы және 5 оператор жұмыс істейді, тағы 3-еуі оқудан өтуде. Байланыс орталығының жұмыс тәртібі: жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліссіз.

Сондай-ақ, Facebook әлеуметтік желісінде, Telegram мессенджерлерінде және WhatsАpp пайдаланушыларына кеңес беру үшін чат-ботты іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, автоматтандырылған дауыстық роботты енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл консультациялар қолжетімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, жауап берілмей қалған қоңыраулар санын кемітуге және сұрау шешілгенге дейін күту уақытын азайтуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беру үшін 2020 жылы іске қосылды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 113 мыңнан астам мүгедектігі бар адам Портал арқылы оңалтудың техникалық құралдарын, ымдау тілінің 6 мыңнан астам қызметін, жеке көмекшінің 31 мыңнан астам және 36 мыңға жуық санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды. Сондай-ақ 122 мыңнан астам адам кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға тапсырыс жасады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button