Хабар

Қарағандылықтарға “темекі туралы шындық” айтылмақ

Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағында “Темекі туралы шындық” атты көрме ашылды. Оның ұйымдастырушылары – медицина университетінің студенттері және “Темекісіз Қазақстан” ұлттық коалициясы.

Көрме Қарағандыда жексенбіге дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде оны ұйымдастырушылар кең ауқымды ақпараттық акция өткізіп, кеншілер астанасының тұрғындарына темекі шегудің зияны туралы айтып беруге ниетті.

“Біз бұл көрмені темекі шегудің, кальянның және т. б. зияны туралы мүмкіндігінше көп адамдар білуі үшін ұйымдастырдық. Акцияны өткізген алғашқы қаламыздың бірі – Нұр-Сұлтан қаласы. Кеше Теміртауда болдық. Ал бірнеше күн ішінде Қарағандының бірнеше саябағын қамтуды жоспарлап отырмыз”, – деп атап өтті “Темекісіз Қазақстан” ұлттық коалициясының қоғамдық мониторинг үйлестірушісі Наталья Чанова.

Көрмеде темекі шегудің зияны туралы баяндайтын экспонаттар қойылған. Еріктілер ауруға шалдыққан жануарлардың ішкі мүшелерінің мысалында белсенді темекі шегу кезінде адам ағзасында қандай өзгерістер болатынын көрсетеді.

“Бізде көптеген экспонаттар, соның ішінде жануарлардың түтіннен зардап шеккен өкпесі бар. Олардың мысалында еріктілер белсенді және пассивті темекі шегушілерге қауіп төндіретін аурулар туралы әңгімелейді. Әрі қарай біз Қазақстанның басқа да ірі қалаларына барамыз”, – деді Наталья Чанова.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button