Хабар

Маусым айында ауа райы қандай болады

Маусым айында республиканың барлық аумағында жазғы ауа райы белгіленеді.

Орташа тәуліктік ауа температурасының 20° арқылы тұрақты ауысуы республиканың басым бөлігінде маусым айында, қиыр оңтүстікте мамыр айында, қиыр солтүстікте шілде айының бірінші онкүндігінде болады.

«Орташа тәуліктік ауа температурасының жоғары болуына қарамастан, маусым айындағы көптеген жылдар бойғы мәліметтерге сәйкес әлі де 5°C-қа дейін үсік жүруі мүмкін. Ең соңғы үсік маусымның үшінші онкүндігінде солтүстік облыстарда және орта тау аймағында 10 жылда 1-2 рет байқалуы мүмкін. Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылдың маусымында Қазақстанның басым бөлігінде жоғары қысымның басым әсерімен және Иран аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Осылайша, республиканың көп бөлігінде ауаның орташа айлық температурасы нормадан 1° жоғары, тек елдің батыс бөлігінде климаттық нормаға жақын болады деп болжануда», – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Айдың басында республиканың басым бөлігінде циклондық қызметтің әсерінен қатты нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және 15-25 м/с дейін қатты жел, елдің оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл күтіледі. Температуралық фонға солтүстік циклонның терең биіктік шұңқыры әсер етеді, ол алдымен Қазақстан Республикасының батыс өңірлеріне бағдарланады, содан кейін шығыс бағытына ауысып, республиканың басқа өңірлерінің де салқындауына әсер етеді. Осыған байланысты елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасының қысқамерзімді төмендеуі болжанады, онда түнгі уақытта термометр бағандары +2+10°С-қа дейін, күндіз +12+17°С-қа дейін төмендейді.

Айдың бірінші онкүндігінде республиканың батысында ауа температурасының түнде +10+17°С-тан +15+21°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +25+32°С-қа дейін ауытқуы күтіледі. Еліміздің оңтүстік аймақтарында ауа температурасының негізгі фондық температурасы түнде + 15 + 25 ° С, күндіз + 30, +40°С, тау бөктері мен таулы аудандарда түнде + 10, +15°С, күндіз +25, +30°С болады.

Бір ай ішінде ҚР солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жылу толқыны кезінде күндізгі ауа температурасы +30, +38°С-қа дейін, жекелеген аудандарда +42°С-қа дейін, елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +35, +43°С-қа дейін, жекелеген аудандарда +45°С-қа дейін көтеріледі.

Солтүстік Атлантика аймақтарынан келетін суық ауа массаларының әсерінен суық ауа райы қайта оралуы мүмкін.

Маусым айында негізінен найзағай, қысқа мерзімді жауын-шашын, 15-20 м/с дейін екпінді жел, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Жауын-шашын мөлшері ҚР аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, республиканың оңтүстік-батысында және орталық бөлігінде нормадан аз болуы мүмкін (норма бойынша ҚР басым бөлігінде 25-49 мм, елдің оңтүстік-батыс жартысында 4-24 мм, Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысының тау бөктері мен таулы аудандарында 53-99 мм).

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button