Хабар

ІІМ заңсыз сақталған қаруды қаншадан сатып алады?

Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Асылбек Идрисов ІІМ-нің халықтан заңсыз сақталудағы қаруды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша брифингінде айтты, деп жазады baq.kz.

Жүз айлық есептік көрсеткішке дейін немесе 290 мың теңгені азамат автоматты ойық қарудың әрбір тапсырған бірлігі үшін ала алады. Мұндай соманың жартысы ойық ұңғылы мылтықтар мен карбиндер үшін төленуі мүмкін. Тапаншалар мен револьверлер үшін-100 мың теңгеге дейінгі мөлшерде төлеу болжанады. Тегіс ұңғылы мылтықтардың әрбір бірлігі барынша 90 мың теңгеге бағалануы мүмкін, – деді ол.

Идрисов атағандай, төлемдер мөлшерін айқындау кезінде Комиссиялар қарудың техникалық жай-күйін ескереді және тиісті санат береді.

1-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 100 %-ы, 2-санатқа төлем ұсынылатын құнының 70 %-ы, 3-санатқа жатқызылған қару үшін төлем ұсынылатын құнының 30 %-ы есебінен жүргізіледі. 1-санаттағы қаруға – пайдалануда болмаған және техникалық ақаулықтары жоқ қару не бұрын пайдалануда болған, бірақ көрінетін немесе жасырын ақаулықтары жоқ, тауарлық түрін жоймаған қару жатады, – деді ол.

Ол атағандай, 2-санаттағы қаруға одан әрі пайдалануға кедергі болмайтын, жекелеген техникалық ақаулықтары немесе тауарлық түрінің ақаулары бар қару жатады.

Жөндеу арқылы жойылатын немесе орны толатын, зақымдаудан немесе жоғалудан болған жекелеген ақаулықтары бар қару да 2-ші санатқа жатады. 3-санаттағы қаруға – техникалық ақаулықтары болуы салдарынан одан әрі пайдалануға жарамсыз немесе пайдалану қауіпті, оларды жөндеу, қалпына келтіру немесе ауыстыру техникалық немесе экономикалық себептер бойынша орынсыз болатын қару жатады.Сыйақы төлеу мерзімі – 1 ай, – деді ол.

Оның айтуынша, қолдан жасалған оқ-дәріге сыйақы төленбейді.

Криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып танылмаған, Қазақстан Республикасы ІІМ БДБ-ның «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есебінде тұрған бұйымдар мен заттарға. Қолдан жасалған оқ-дәріге, сондай-ақ тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын қару патрондарына сыйақы төленбейді. Заңсыз қару-жарақ заттардың қайдан пайда болуы туралы айтсақ әлбетте олардың көбі – мұраға қалған, не тауып алынған немесе оларды тіркеу бойынша шектеуді енгізгенге дейінгі сатып алынған қарулар, – деді Идрисов.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button