Қолға беруге болмайтын заттар: наным-сенім мен ырымдар
Наным-сенім мен ырымдар – ертеден келе жатқан рухани түсініктердің бірі. Алғашқы кезде адам баласының наным-сенімі олардың кәсібіне және қоршаған ортасына байланысты болған.
Бүгінде әр елдің өзіне тән ұлттық санасымен астасып жатқан ырымы мен наным-сенімі бар. Біріне кейде иланып қалсаң, енді біріне күле қарайсың.
Наным-сенім мен ырымның арғы жағында белгілі бір тәрбиелік мән де болады. Кейде аңызға құрылады. Ғылым тілімен айтқанда, адамның белгілі бір мәліметтерді, құбылыстарды, ой мен көзқарасты, пікірді еш күмәнсіз қабылдап, мойындауында көрінетін психиканың ерекше күйі.
Бүгін біз қолға беруге болмайтын заттар жайлы наным-сенім мен ырымдар туралы айтпақпыз. Оны жанымызда жүрген кей жандар да ұстануы мүмкін. Ал олардың шығу тарихы әрқилы. Кейбірін білсек, көбін білмейміз.
1. Түйіндеген пияз
Егер біреу түйіні бар пиязды қолыңа ұстатса, онда ол өзінің жағымсыз эмоциясын саған «аударуы» мүмкін. Бұл нанымды кей ұлт өкілдері берік ұстанады. Сондықтан қолдан алмайды. Қолдан алса бақытсыздық пен келеңсіздік болады деп санайды.
2. Ақша
Иә, ақшаны қолға бермейтін таныстарыңыз көп болар. Әсіресе түнде қолға бермейді деген түсінік бар. Біреу байлық сол ақшамен көшеді деп түсінсе, енді біреуде мүлде басқа түсінік қалыптасқан.
Наным бойынша ақшада жағымсыз энергия көп болады. Саған дейін ол ақшаны ашулы немесе сараң адам ұстаса, оның энергиясы әсер етуі мүмкін деген де сенім бар.
Тарихшылар бұл нанымды ежелгі уақытта сиқыршылар ақшаға түрлі ырым жасап, зиян келтіретіні жайлы аңыз арқылы түсіндіреді. Оны қолдан алған адам сиқыршының арбауына түсті деген сөз. Оған түспес үшін ақшаны ағаш орындық үстіне қойып қана алған жөн деп санаған. Адамдар ағаш сиқырдың күшін жояды деп сенген.
3. Өткір заттар (балта, пышақ, қайшы)
Қолға ұстатпайтын заттар қатарына балта, пышақ пен қайшы да жатады. «Қолға берген адамдар арасында алауыздық пайда болып, бір-бірімен қырқысып қалуы мүмкін» деген түсінік бар.
Негізі балта, пышақ пен қайшыны қауіпсіздік үшін қолға ұстатпаған жөн-ақ. Алатын адам оқыс қимылдап қалса, болмаса қарамай тұрғанда қолын немесе денесін жарақаттап алуы мүмкін. Сондықтан сақтық үшін де бұл нанымның пайдасы бар.
4. Жүзік
Қолындағы жүзігін шешіп бермейтін, шешіп бергісі келсе де қолыңа ұстатпайтын таныстарың бар болуы мүмкін. Бұл да бір нанымның көрінісі. Ерлі-зайыпты болса арамызға сызат түсуі мүмкін деп ойласа, енді біреулер жүзікте иесінің бар негативі жиналуы мүмкін деп сенеді.