Мамыр айына арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 2020 жылдың мамыр айының ауа райы болжамын жария етті.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, ҚР оңтүстік-батысы жартысында – нормадан аз, еліміздің оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы және тау бөктері аймақтарында нормадан көп болжанады.
Көпжылдық климаттық мәліметтер бойынша, мамыр айының бірінші жартысында Қазақстанның оңтүстік жартысында, ал айдың соңына қарай солтүстік жартысында үсік тоқтатылады. Осы жылдың мамыр айында түнгі сағаттарда еліміздің солтүстік-шығыс өңірі мен оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктері аймақтарында ауа температарусының үсікке дейін төмендеуі ықтимал.
Айдың ең басында ауа райын Орталық Азия аймағынан жылы ауа массалары анықтайтын болады, бірақ фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың кей жерлерінде найзағаймен өткінші жаңбыр, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысының кей жерлерінде күші 15-25 м/с дейін екпінді желмен қатты жаңбыр және бұршақ түсуі мүмкін. ҚР басым бөлігінде ауа температурасы күндіз +18+25°С, солтүстік-батыстың кей жерлерінде +15°С, оңтүстік-батыста және оңтүстікте +25+30°С құрайды.
2020 жылдың 3-5 мамыр аралығында Карск теңізі аймағынан суық антициклонның кіруімен және фронтальды бөліктердің өршуімен еліміздің солтүстік-шығысында арты қарға ұласатын жаңбыр, желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Ауа температурасы ҚР солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде -3+5°С дейін, күндіз +7+12°С дейін төмендейді, оңтүстік-шығысында түнде +2+10°С дейін, күндіз +15+23°С дейін төмендейді. Еліміздің оңтүстік-батысы жартысында Иран аймағынан жылы ауа массаларының шығуынан ауа температурасының +25+33°C дейін жоғарылауына алып келеді.
Бірінші онкүндіктің екінші жартысында оңтүстік-батыс жартысынан жылудың республиканың қалған аймақтарына ығысуына қарай ҚР басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтатылуы және температуралық фонның жоғарылауы күтіледі.
Сондай-ақ екінші және үшінші онкүндіктерде тұрақсыз ауа райы: екпінді желмен және найзағаймен жаңбыр, бұршақтың түсуі мүмкін. Кезекті суық толқынында ауа температурасының төмендеуі, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында түнде -3+5°C дейін, күндіз +10+15°C дейін, ҚР батыс және оңтүстік батыс жартысында түнде +5+13°C дейін, күндіз +13+21°C күтіледі. Алайда, екінші және үшінші онкүндіктерде жоғары температура күндері басым болады деп күтілуде. Республиканың солтүстік жартысында күндіз ауа +20+28°C дейін, оңтүстікте +25+33°C дейін қызады.
Айта кетейік, мамыр айына арналған консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетіліп, онкүндік болжамдармен анықталатын болады.