Хабар
Еліміз электронды үкіметті дамытқан 10 үздік елдің қатарына кірді
Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша Азияның он үздік елінің қатарына кірді, деп хабарлайды BNews.kz.
БҰҰ есебіне сәйкес, Қазақстан Азия мемлекеттерінің арасында 7 орынды иеленді.
Бұдан жоғары сапта Оңтүстік Корея, Сингапур, Жапония, Израиль, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктері орналасты.+
Сонымен бірге БҰҰ-ның жаһандық рейтингісі бойынша Қазақстан 33-орынды иемденіп, барлық ТМД елдерінен алда келе жатқанын атап өткен жөн.
Электрондық үкіметті дамыту бойынша биылғы ең үздік көрсеткіш Ұлыбританияда, одан кейінгі орында Австралия болса, үшінші орынды өткен жылдардың көшбасшысы Оңтүстік Корея иемденіп отыр. Жаһандық рейтинг бойынша АҚШ – 12 орын, Ресей – 35 орын, Қытай – 63, Өзбекстан мен Қырғызстан – 80 мен 97 орындарда.