Альварес – Головкин жекпе-жегі келесі жылы болады – Оскар Де Ла Хойя
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя қамқорлығындағы екі салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Сауль “Канело” Альварес (47-1-1,336 33 КО) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) келесі жылы жекпе-жекке шығады, – деп хабарлайды Vesti.kz.
“Бұл жекпе-жек ертерек болуы мүмкін, алайда қазір ыңғайлы уақыт емес. Біз бұл кездесуді Пакьяо мен Мейвезер жекпе-жегі сияқты он жыл күтпейміз. Бұл жекпе-жек келесі жылдың бір уақытында өтеді”, – деп жазады BoxingScene.com промоутердің сөзін.
17 қыркүйекте Альварес WBO бірінші орта салмақтағы чемпионы, ағылшындық боксшы Лиам Смитпен (23-0-1, 17 КО) кездесу жоспарланған. Жекпе-жек Арлингтонда, Техас штатындағы 100 мың көрерменге арналған AT&T Stadium аренасында өтеді.