
Әлі 3 мың үй су астында
СҚО-да 3 мыңға жуық үй әлі су астында. Бұл туралы СҚО әкімі аппаратының Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин айтты.
“Табиғи апат салдарынан 3 898 үйді су басты, 2 830 үй әлі су астында. Барлығы 14 388 адам эвакуацияланды, 5 567 адам үйіне оралды, ал 8 821 адам эвакуациялық пунктерінде. Тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы беру үшін арнайы құрылған комиссияға 3 897 өтініш түсті. 100 АЕК (369 200 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) көлеміндегі бірыңғай әлеуметтік төлемді 3 447 адам алды. Жалпы төленген қаржы – 1 млрд 271 млн теңге”, – деді Серік Ғайсин ОКҚ-да өткен брифингте.
Кожевенный и Подгора ауылдарында қалпына келтіру жұмысы басталған
“Солнечный-2” шағын ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салынып жатыр. 10 жергілікті құрылыс компаниясы “Қазақстан халқына” қорының қаражатына 100 үйді салуда.
Kaspi АҚ – 300 үй, Kazakhmys корпорациясы 100 үй салады. Осылай, жаңа шағын ауданда тасқыннан зардап шеккендерге арналған барлығы 500 үй салынады. Күн суығанға дейін жұмыс аяқталады”, – деді бөлім басшысы.