Суретке түсудің әдісі
Әрбір фотограф адамның өмірдегі бейнесі мен суреттегі бейнесі бірдей болмайтынын айтады. Суреттің дұрыс түсірілуі көптеген факторларға байланысты: адамның жеке сұлулығы, киімі, көңіл-күйі, тіпті иісі де!
Суретке түсудің ережелерін біліп алыңыз:
1.Камераға фотографтың бұйрығысыз қарамаңыз. Себебі, сіздің дайындығыңыз, киіміңіз, шаш үлгіңіз, әшекей бұйымдарыңыз маңызы екінші қатарға түсіп қалуы мүмкін. Психологияның айтары да сол, мысал: көшеде кетіп бара жатқан адамның көзі басқа жақта болса, сіз оған ден салып қарай аласыз…
2.Басты тік ұстау да қате. Ер адамның суретінен оның күші, қуаты көрініп тұруы керек болса, қыздың суретінен мінезі, сұлулығы, еркелігі байқалуы керек.
3.Қол-аяғыңызға назар аударыңыз. Қолыңыз жөнсіз көтеріліп-түсіп тұрмауы керек. Жинақы болу – сіздің ішкі сеніміңізді көрсетеді.
4.Сіздің фоныңыз суреттің сапалы шығуына әсер етеді. Сіздің киіміңіздің түсі фонмен бірдей болмауы керек. Сол үшін бір немесе екі түстен құралған фон әсерлі болмақ.
5.Білегіңіз, иығыңыз – барлығы да фотографқа көрінуі керек. Қолыңызды артыңызға қойып түспеңіз. Жеңі қысқа жейде кисеңіз және қолыңызда сағат немесе басқада бір әшекей болмаса қалтаңызға салыңыз.
6. Адам көркі шаш екенін де ұмытпаған абзал. Шашыңызға ерекше көңіл аударыңыз.
Осы әдістерді қолдана отырып өздеріңізге ерешке естен кетпес естеліктер қалдырыңыз!