Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде 41 градусқа дейін аптап болады
14 маусымға дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде аптап болады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
13-14 маусымда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында 11-13 маусымда төтенше өрт қауіпі күтіледі.
11-13 маусымда Ақмола облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Көкшетау қаласында 11-13 маусымда төтенше өрт қауіпі күтіледі.
12 маусымда күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 маусымда Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қаласында 12 маусымда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында 12 маусымда таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
12 маусымда түнде Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстікте, орталықта 17-22 м/с, Алакөл колдері ауданында 28 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында 12 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с.
12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында 12 маусымда түнде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
12 маусымда Абай облысының оңтүстігінде, орталығында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
12 маусымда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында 12 маусымда күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
12 маусымда Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында 12 маусымда жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с
12 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Орал қаласында 12 маусымда жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, түнде екпіні 18 м/с.