Хабар

Қарағанды облысында 15 сәуірден бастап “Ақбөкен” табиғатты қорғау акциясы басталады

15 сәуірден бастап Қарағанды облысында “Ақбөкен” кең ауқымды табиғатты қорғау акциясы басталады. Ол браконьерлікпен күресуге бағытталған.

Сондай-ақ, жақын маңда жануарлар мекендейтін елді мекендерде рейдтер өткізу жоспарланған.

Алдын алу шаралары туралы “Охотзоопром” ӨБ Орталық өңірлік филиалының басшысы Шындос Омаров Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте айтып берді.

Ақбөкен Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілмеген, бірақ қазір аулауға толық тыйым салынған түрлерге жатады. Сондықтан оны атып тастағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жақын маңында жануарлар мекендейтін елді мекендерге ерекше назар аударылатын болады, – деп атап өтті Шыңдос Омаров. – Бұл үшін біздің инспекторларымызда жоғары өтімді көлік құралдары бар және барлық жағдай жасалған. Айта кету керек, соңғы уақытта ақбөкендердің табиғи жағдайда қырылу пайызы өте төмен. Ал көбею саны артып келеді. Қазір шамамен 489 мың бас бар.

Ақбөкендердің көшу кезінде аймақтағы жолдар арқылы қауіпсіз өтуі үшін өткелдер жасау жоспарлануда. Олар үшін жолдар бойында қоршаусыз саңылаулар қарастырылған. “Ақбөкен” табиғатты қорғау акциясы мамыр айының ортасына дейін жалғасады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button