Хабар

Қазақстан – Орталық Азияда туу көрсеткіші бойынша ең соңғы орында

2021 жылы БҰҰ мәліметіне сәйкес әлемде 134 млн сәби дүниеге келді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 0,9%-ға аз. Жалпы бала туу көрсеткіш і2017 жылдан бері бес жыл қатарынан төмендеген, деп хабарлайды Ranking.kz

Айта кететін жайт, өткен ғасырдың 50-жылдары көрсеткіштер айтарлықтай төмен болды. Бірақ жылдан жылға біртіндеп 90-шы жылдарға дейін көрсеткіш өсті. 1950-жылдары 92,1 миллион болса, 1990 жылы 142,5 миллион сәби дүниеге келіп, рекорд болды.

Мамандардың болжамынша, алдағы жылдары әлемде дүниеге келетін сәбилердің саны артып, 2040 жылға қарай 138,5 млн-ға жетпек. Одан әрі көрсеткіш төмендейді және 2100 жылы 111,5 млн сәби туылады деген болжам жасалуда.

Сонымен алдағы жылдарға болжам келесідей 2030 жылы 136 миллион сәби, 2040 жылы 138,5 миллион, 2050 жылы 135,7 миллион, 2060 жылы 130,6 миллион, 2070 жылы 127,7 миллион, 2080 жылы 122,7 миллион сәби дүниеге келеді. 2090 жылы 116,7 млн, 2100 жылы 111,5 млн нәресте өмір есігін ашады деп болжам бар.

2021 жылы туу коэффициенті 1 мың адамға шаққанда 16,9 құрады. Дегенмен бұл көрсеткіш біраз уақыт бойы төмендеп келеді. Мысалы, 1950 жылы коэффициент 36,8, 1960 жылы 33,9, 1970 жылы 33,6, 1980 жылы 28,5, 1990 жылы 26,8, 2000 жылы 21,8, 2010 жылы 20,3, ал 2020 жылы 17,2 жетті.

Болжамды деректер бойынша, өткен жылы туу коэффициенті 16,8 құрады. Бұл 2030 жылы 15,9-ға дейін, 2050 жылы 14, 2070 жылы 12,4, 2090 жылы 11,2, ал 2100 жылы 10,8-ге дейін төмендемек.

Әзірге туу көрсеткіші Африка елдерінде өте жоғары, халықтың мың адамға 32,5 туудан келеді. Африка елдеріндегі туу деңгейі әлемдік деңгейден жоғары жалғыз макроөңір. Басқа аймақтарда 2021 жылғы жағдай бойынша туу деңгейі келесідей, Океания елдерінде — 15,6, Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде — 14,8, Азияда — 14,3, Солтүстік Америкада — 10,9 және Еуропада — барлығы 9,2.

Орталық Азия елдерінде жалпы коэффициент 1 мың адамға шаққанда 23,3 тууды құрады. Ең жоғары көрсеткіш Тәжікстанда (26,7), ең төменгі деңгей Қазақстанда (21,5 туған) байқалды. Қырғызстанда коэффициент 24,1, Өзбекстанда — 23,6, Түрікменстанда — 21,6 құрады.

ТМД-ның қалған елдеріндегі жағдайға келсек, Әзербайжанда-12,3, Арменияда — 12, Ресейде — 9,6, Беларусьте — 9,3 ал Украинада – 7,7.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button